Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезекті
сессиясының қарауына енгізілген
негізгі мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізілсін:
1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
Баяндаушы: Шортанды ауданының әкімі С. С. Шабаров.
2. 2024 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы.
Баяндаушы: Шортанды ауданының әкімі С. С. Шабаров.
3. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.
Баяндаушы: Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссияның төрағасы Е. Н. Шахметов.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова