Қоғамдық кеңестің отырысы

Аудандық әкімдікте А. Доброскоктың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі «Тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету және ауданда 2024 жылға тұрғын үй беру қорытындыларын талқылау болды. Осы тақырып бойынша «ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы А.Керімбаев баяндап, осы мемлекеттік қызмет шеңберінде жүргізілген жұмыстарға талдау жасады.

Баяндамашы өткен жылы ауданда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Ол есепке қою динамикасын, берілген тұрғын үй санын, сондай-ақ осы саладағы қазіргі сын-қатерлер мен перспективаларды атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру процесін жеделдету мәселелері қозғалды.

Отырыс қорытындысы тұрғын үймен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне жүйелі көзқарастың маңыздылығын растады.

Дата публикации
31 марта 2025