Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2025 жылғы 21 ақпанда Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.

Отырыста кандидаттардан түскен құжаттар талқыланды. Мемлекеттік органдардан қоғамдық кеңестің құрамына конкурстан тыс өтетін 3 адам ұсынылды. Конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан 8 өкіл сайланды. Барлығы 11 өтініш келіп түсті: оның ішінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен 6 азамат, коммерциялық емес ұйымдардан 5 өкіл. Жұмыс тобының мүшелері әр кандидатпен әңгімелесу өткізді. Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша жұмыс тобы 11 адамнан тұратын Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастырды. Қоғамдық кеңестің құрамына кірмеген кандидаттар шығып қалған мүшелерді кейіннен ауыстыру үшін резервтік тізімге енгізілді.

Мемлекеттік органның Қоғамдық кеңестегі өкілдігі келесі құрамда бекітілді:

1) Сәдуақасова Гүлнұр Әнуарбекқызы - Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы;

2) Әбдіғалиева Айша Сайлаубекқызы – «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Қоғамдық кеңес құрамында коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан өкілдік конкурстық негізде қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылау, әрбір кандидатпен әңгімелесу және әрбір кандидатура бойынша ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қоғамдық кеңесті келесі құрамда құру:

1) Абдрахманов Жұмабек Сейпелұлы - зейнеткер, билер кеңесінің мүшесі (өзін-өзі ұсыну тәртібімен азамат);

2) Ақшалов Қанат Әшкейұлы – «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің адаптивті және агроландрафт технологиясы зертханасының егіншілік бөлімінің меңгерушісі., Шортанды ауданының Құрметті азаматы (өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі азамат);

3) Байсеркеев Ермек Жақсылықұлы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы филиалының Шортанды бөлімінің басшысы;

4) Доброскок Александр Иванович – «Қазростсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Шортанды ауданының Құрметті азаматы (өзін-өзі ұсыну тәртібіндегі азамат);

5) Коровина Анна Антоновна – «Денсаулық К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

6) Менкенов Амангелді Жарылғасынұлы - жеке кәсіпкер (өзін-өзі ұсыну тәртібімен азамат);

7) Молдазиятов Бейбіт Айтбекұлы – «Ақмол Асар Адам» қоғамдық қорының бас директоры;

8) Молдахметова Наталья Александровна - «Қазпошта» АҚ Шортанды –1 Ақмола филиалының ауылдық пошта бөлімшесінің басшысы (өзін-өзі ұсыну тәртібімен азамат);

9) Репринцева Людмила Владимировна - Шортанды аудандық поляктар қоғамының «Поляне» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы сол күні Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының өкімімен бекітілген.

 

 

Аудандық мәслихатының баспасөз орталығы

Дата публикации
26 февраля 2025