Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отыз төртінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 8С-33/6 «Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова