Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отыз үшінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-14/3 «Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.
5. Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова