Жұмыс тобының отырысында ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін Шортанды аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бақылаушылардың іріктеуін жүргізеді.
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар жіберіледі.
Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін Шортанды аудандық мәслихатына өтініш береді немесе электрондық поштасына жібереді.
Өтініштерді беру мерзімі 2025 жылғы 10-20 қаңтар аралығында.
Байқаушыларға кандидатуралар бойынша өтініштерді қабылдау Шортанды аудандық мәслихатының аппаратында 2022 жылғы 14 қаңтардан 18 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі., үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін., Шортанды кенті, Абылай хана көшесі, 22 мекенжайы бойынша байланыс телефондары 8(71631) 2-24-70 немесе 8-775-502-25-83. Сондай-ақ өтініштерді shortandy_masl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға жіберу мүмкіндігі бар.