Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеуі бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шортанды аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Шортанды ауданында қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Шортанды аудандық мәслихатының келесі құжаттарды қолма-қол тапсырады немесе электрондық мекенжайына жолдайды:

1) осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының сандық құрамы 5 адам, оның ішінде:

2 адам - мемлекеттік органдардың өкілдері және 3 коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтары.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2025 жылғы 10-20 қаңтар аралығында.

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша құжаттарды қабылдау Шортанды аудандық мәслихатының аппаратында 2022 жылғы 14 қаңтардан 18 қаңтарға дейін, сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Шортанды кенті, Абылай хана көшесі, 22 мекенжайы бойынша байланыс телефондары  8(71631) 2-24-70 немесе 8-775-502-25-83. Сондай-ақ құжаттарды shortandy_masl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға жіберу мүмкіндігі бар.

 

Дата публикации
10 января 2025