Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті отыз екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті отыз екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
Баяндаушы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ.Мұнтаева.
2. 2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы.
3. 2025 жылға арналған аудандық мәслихаттың аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова