2025-2027 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 722 454 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 461 607 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 656 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 229 191 мың теңге;
2) шығындар – 5 722 454 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-118 767) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 35 388 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 154 155 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 118 767 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-118 767) мың теңге.
2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 164 684 мың теңге сомасында субвенция есепке алынсын.
3. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін 105 500 мың теңге сомасындағы бюджеттік субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, оның ішінде:
Новокубанка ауылдық округі – 15 000 мың теңге;
Бектау ауылдық округі – 19 000 мың теңге;
Бозайғыр ауылдық округі – 4 500 мың теңге;
Петровка ауылдық округі – 10 000 мың теңге;
Андреевка ауылдық округі – 12 000 мың теңге;
Раевка ауылдық округі – 16 000 мың теңге;
Пригородный ауылдық округі – 18 000 мың теңге;
Новоселовка ауылдық округі – 11 000 мың теңге.
4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 35 388 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.
5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 92 155 мың теңге сомасында есепке алынсын.
6. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 62 000 мың теңге сомасында жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеу есепке алынсын.
7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 85 мың теңге сомасында есепке алынсын.
8. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 52 200 мың теңге сомасында бекітілсін.
9. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 4 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
10. 2025-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 5, 6 қосымшаларға сәйкес есепке алынсын.
11. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер, тиісінше 7 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
12. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Г. Сәдуақасова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
24 желтоқсан 2024 жыл
_____________ С. Шабаров