Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/3
««AMANAT» Партиясы»
депутаттық фракциясын тіркеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-2-бабының 4-тармағына және Шортанды аудандық мәслихатындағы «AMANAT» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясының қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/3 ««AMANAT» Партиясы»депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шортанды аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясы» депутаттық фракциясы құрамында 7 (жеті) адамнан қосымшаға сәйкес тіркелсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова
Шортанды аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 8С-31/3 шешіміне
қосымша
«AMANAT» партиясы» депутаттық фракциясының
құрамы