Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 503 344,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 363 185,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 17 888,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 076,7 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 096 194,4 мың теңге;

2) шығындар – 7 666 461,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 179,2 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 107 828 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-184 296,6) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 184 296,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Г. Сәдуақасова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

24 желтоқсан 2024 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
05 января 2025