№ 8С-30/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс отызыншы

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мұнтаева.

2. Шортанды ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы.

3. 2025 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

4. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 8С-24/7 «Шортанды ауданын басқару сызбасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2025