Депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әдет-ғұрып және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 12 желтоқсан № 13 Шортанды к.
Шортанды ауданында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы іске асыру бойынша
жұмысы туралы
Аудан әкімінің орынбасары Ш. Ахметованың «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» баяндамасын тыңдап, талқылай келе, депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әдет-ғұрып және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтеді.
Осылайша, аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жұмыс істейді. Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ақпараттық штаб құрылды. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Әлеуметтік желілер мен аудандық «Шортанды Жаршысы» және «Шортанды Вестник» газеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта материалдар жарияланады. Ағымды жылы Шортанды ауданында 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті қалыптастыру қызметтері» жобасын жүзеге асыруға 500 000 теңге бөлінді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ақпараттық айдары ашылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар мен брошюралар жарияланады.
Аудан әкімі аппаратында азаматтарды аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімі аппаратының басшысы жеке қабылдайды.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәкес аудан әкімінің аппараты мемлекеттік қызметкерлерді және функциялары персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысына жүктелген әдеп жөніндегі уәкіл лауызымына басқа да адамдарды қабылдайды. 2024 жылы мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Құқықтық оқыту шеңберінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігі, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының және олардың жақын туыстары сыйлық алуға толық тыйым салу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларымен жұмыс жүргізілуде.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзуды болдырмау мақсатында әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар деп тану туралы талаптарды беру тәртібі тұрақты негізінде түсіндірілуде (2024 жылы 3 талап арыз қанағаттандырылды).
Ауданда қызметтік көліктердің пайдаланылуын бақылай үшін жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік мүлік, атап айтқанда, қызметтік көліктер мақсаты бойынша пайдаланылады.
Бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелднріне ішкі талдау жүргізу ережесіне сәйкес ауданның мемлекеттік органдары жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. 2023 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы 6 тәуекел анықталды, олар бойынша талдамалық есептер құрастырылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне ақпарат үшін жолданды. бұл тәуекелдер мемлекеттік қызмет көрсетуде, жер қатынастарында, азаматтық заңнамада ескерілді.
2023-2024 жылдар кезеңінде мемлекеттік қызметті кемсітетін тәртіптік әрекет жасағаны үшін лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкешілікке тартылған жоқ.
Шортанды ауданының квазимемлекеттік секторның субъектісі болып табылатын ШЖҚ МК «Шортанды Су» мемлекеттік кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қызметін жүргізу бойынша міндеттер кәсіпорын басшысына жүктелген.
Қазақстан Республикасы Президенті 2024 жылғы 2 ақпандағы № 802 Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы Жарлығымен бекітілген 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімінің орынбасары Ш. Ахметованың «Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмыс туралы» баяндамасын назарға алынсын.
2. Жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық талаптарды сақтау бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғалтыру;
- Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және барлық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;
- әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралардарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- жаңадан қабылданған қызметкерлерде бүлінетін ақпараттың болуына тексеру жүргізу, мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау, мемлекеттік қызметте қабылданған шектеулерді сақтау бөлігінде персоналды басқару қызметінің жұмыс деңгейін арттыру;
- қызметтік көліктерді жеке мақсатта пайдаланудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ аудандық мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік органдардың қызметкерлермен әкімшілік құқық бұзушылықтарды уақытылы өтеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржы-шаруашылық қызметіне және жалға алынған, өтеусіз пайдалануға берілген, шаруашылық жүргізеге және жедел басқаруға берілген ауданның коммуналдық меншігінің мақсатты пайдаланылуына тиімді бақылауды жүзеге асыру.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Ғ. Даитова