Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында бос орындардың бары туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының (әрі қарай - УСК) құрамындағы бос орындардың бары жөнінде хабарлайды:

1. Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы – 1

2. № 698 УСК - 1

3. № 699 УСК - 1  

4. № 707 УСК - 2

5. № 708 УСК – 3

6. № 716 УСК - 1

Сайлау комиссияларының құрамдарында барлығы 9 (тоғыз) бос орын бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты жоғарыда тұрғандар мен саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс 2024 жылдың 19 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 3 қаңтарға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22.

Жауапты тұлға – Жакеева Самал Серікқызы, қалааралық телефон коды (871631), қызметтік телефоны: 2-24-70, ұялы телефоны: 8-(707-544-95-44), электрондық поштасының мекенжайы: shortandy_masl@aqmola.gov.kz.

Саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың жоғарыда тұрған бөлімше құрылымдары сайлау комиссиясын қалыптастыруына қатысты 2024 жылдың 19 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 3 қаңтарға дейін (қоса алғанда) сәйкес мәслихатқа сайлау комиссиясының құрамына қосу үшін белгілі нысан бойынша үміткерлер тізімін жібереді:

1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23 бабының 3 тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың 19 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 3 қаңтарға дейін (қоса алғанда), дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

Шортанды аудандық

мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

Дата публикации
17 декабря 2024