Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 407 344,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 447 180,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 17 888,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26 076,7 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 916 199,4 мың теңге;
2) шығындар – 7 570 461,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 179,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 107 828 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-184 296,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 184 296,6 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 107 828 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 77,9 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;
көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Г. Сәдуақасова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
4 желтоқсан 2024 жыл
_____________ С. Шабаров