Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс жиырма тоғызыншы
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мұнтаева.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова