№ 8С-27/2 шешім (Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі)

Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдарының қызметі экономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 92,3 млн. теңгені құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артық.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 30,8 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі тиісті кезеңге 146,6%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд. теңге.

Ауданда 325 жұмыс орынды, жалпы бағасы 15,4 млрд.теңге құрайтын 21 жоба іске асырулыда. 175 жұмыс орынды, жалпы бағасы 3,8 млрд. құрайтын 12 жоба 2024 жылында ашылуға жобаланған. 152 жұмыс орынды жалпы бағасы 11,7 млрд. құрайтын 9 жоба 2025 жылына көшірілінді.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 459 бірлікті құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 14 кәсіпкерлікке арттық.

Бөлшек сауданың тауар айналымы 6,4 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 121,3% құрады.

Көтерме сауданың тауар айналымы 1,6 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 151,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 111,2% құрады.

Жыл басынан бері 9 592 шм. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 101,9%.

Ағымды жылы Шортанды ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 7 жоба іске асырылуда, олардың іске асырылуына 1,1 млрд. теңге бөлінді.

Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым мәселелерін шешу өңірді дамыту басымдықтарының қатарында болып отыр.

Жоғары тұрған бюджет қаражаты есебінен Ключи ауылында 1,3 млрд. теңгеге су құбыры және тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Шортанды ауылында 1,4 млрд.теңгеге су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, она аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен Дамса, Научный, Степное сүзгі станциясының блогы (ССБ) сүзгілерін жөндеуге, Пригородное, Қара-Адыр, Төңкеріс ауылдарындағы сорғы станцияларын жөндеуге, Белое Озеро ауылының су мұнарасын ауыстыруға, сорғылар мен клапандарды сатып алу үшін 57,7 млн.теңге бөлінді.

Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс станциясындағы кіреберіс жолы бар ауыл ішіндегі жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жұргізізуде.

Аудандық барлық дерлік ауылдарында жол желісін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жергілікті бюджет есебінен шағын ауылдарға 5 балалар ойын алаңы орнатылды (Мықтыкөл, Белое Озеро, Новографское, Ошақ, Қара Адыр ауылдары).

Ауданның барлық елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыру жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аудандық бюджеттен шамамен 30,0 млн. теңгеге  көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілді.

Новокубанка ауылында дәрігерлік амбулатория мен Ключи және Төңкеріс ауылдарында 2 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде. Пригородное ауылында да фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды ауданының әкімі С.С. Шабаровтың есебі бекітілсін.

2. Мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті жұмысы атап өтілсін.

3. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары аясында мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды тиімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен индикаторлары сақталсын және жақсарсын;

- азық-түлік тауарлары мен бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдансын;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына (жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға) көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілсін;

- есепте белгіленген инфрақұрылым объектілері пайдалануға уақытылы тапсырылсын және жүргізілетін жұмыстар ерекше бақылауға алынсын;

- демографиялық және көші-қон процестерін, әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау негізінде кентішілік, аудандық және облыстық маңызы бар білім беру мекемелерін, су құбыры желілері мен автомобиль жолдарын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу көзделсін.

4. Осы шешім оның қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                             Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
03 декабря 2024