Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс жиырма сегізінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/2 «2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары О.П. Какорина.
2. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № С-64/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № С-26/10 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/7 «Шортанды ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. Шортанды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № С-6/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/13 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова