Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 8 қараша № 12 Шортанды к.
Шортанды ауданында
2024-2025 жылдары әлеуметтік
мәдени тұрмыстық объектілерде
меншіктің барлық нысандарында
жылыту маусымының
өту барысы туралы
Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлітер жолдары бөлімі» ММ- нің басшысы А.Керімбаевтің «Шортанды ауданында 2024-2025 жылдары әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерде меншіктің барлық нысандарында жылыту маусымының өту барысы туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай келе, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдардың басым бөлігінде жаңа жылыту маусымына тиісті дайындық шаралары өткізілгенін атап өтті.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала объектілеріне, ал 1 қазаннан бастап барлық жылу энергиясын тұтынушыларға жылу беру басталды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері бойынша жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр.
Шортанды ауданы бойынша мекемелерде 33 дербес қазандық бар: білім беру - 23, денсаулық сақтау - 1, мәдениет және спорт - 3, медициналық-әлеуметтік - 2 және 4 коммуналдық шаруашылық қазандығы (орталық қазандық, Шортанды кентіндегі Пушкин көшесіндегі қазандық, Научный кентіндегі Бараев көшесіндегі қазандық, Шортанды кентіндегі БМҚ).
Әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері үшін 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына жоспарланған объектіні (БМҚ) ескере отырып, көмірдің жалпы қажеттілігі 17 240 тонна көмір мен 32 700 тонна дизель отынын құрайды. Көмірдің екі айлық қажеттілігі 6 742 тоннаны құрайды.
3 коммуналдық қазандыққа, олардың жабдықтары мен желілеріне жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде ағымдағы жылдың қазан айында басталған коммуналдық қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілуде, тұрғын үйлерді қазандықтарға қосу, жалпы ұзындығы 300 метр жылу құбырларын төсеу көзделген.
Білім беру объектілері бойынша: Мықтыкөл ОМ 1 қазандық шығарылды. 4 мектепте түтін құбырлары ауыстырылды: Жолымбет кентінің № 1 мектебі , Бозайғыр ауылы, Андреевка ауылы және Октябрьское ауылы. 3 мектепте және 2 балабақшада су жылыту қазандықтарын ауыстырылды. Қатты отын сатып алынды.
Денсаулық сақтау объектілері бойынша: 1 400 тонна мөлшерінде отын - көмірдің нормативтік қоры сатып алынды. Күрделі жөндеу аясында ағымдағы жылы аудандық аурухананың барлық жылу жүйесі мен радиаторлары ауыстырылды. Аудандық аурухананың қазандығында КВТС - 0.16 маркалы қазандық сатып алынып, орнатылды. Аудандық ауруханада электр қуаты өшкен кезде генераторға автоматты түрде ауысатын қуаты 120 Квт дизельді генератор бар. Степное және Бозайғыр дәрігерлік амбулаторияларында қуаты 40 Квт генераторлар орнатылған.
Мәдениет және спорт объектілері бойынша: автономды жылытуы бар 3 объект (аудандық демалыс орталығы, Жолымбет кентінің ойын-сауық орталығы (күрделі жөндеу жүріп жатыр) және Ошақ ауылының 1 мәдениет объектісі (пешпен жылыту) жұмыс істейді. Жылыту маусымына көмірдің қажеттілігі 600 тоннаны құрайды. Қатты отын сатып алу бойынша конкурстық жұмыстар өткізілді.
Шортанды кентінің БЖСМ 1 спорт нысаны өзінің БМҚ есебінен жылытылады. Жылыту маусымына қажетті көмір мөлшері бар (100 тонна).
«Шортанды ауданы Дамса а. арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - де дизель отынын сатып алу жүргізілді.
«Жолымбет кентіне арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ- не отын сатып алынды.
Сонымен қатар, жаңа жылыту маусымына дайындық баяу қарқынмен жүрді. Шортанды кентіндегі орталық қазандықтың негізгі жабдықтарын жөндеуді бастау мерзімдерінің сақталмауы байқалады, тиісінше кеш аяқтау жұмыстардың дұрыс жоспарланбағанын көрсетеді.
Ауданда жөндеу және реконструкциялау мерзімдерін ауыстыру, құжаттаманы уақтылы дайындамау және отын қорларын қалыптастыру үрдісі сақталуда, олар іске тиісті көзқараспен алып тасталуы мүмкін. Бұл кейбір салалардағы нысандардың жылыту маусымына жеткіліксіз дайындалуына әкелді.
Білім беру объектілері үшін болашақ жылыту маусымына сатып алынған көмірдің сапасыздығын да атап өту қажет.
Шортанды кентінің орталық қазандығында берілетін қысымның теңгерімсіздігіне әкеп соқтыратын көппәтерлі тұрғын үйлер мен сауда орталықтарында көтергіш сорғыларды заңсыз орнату мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Осы және басқа себептердің нәтижесінде көп пәтерлі үйлерде температура режимі мезгіл-мезгіл сақталмайды, бұл олардың тұрғындарының жағымсыз пікірлерін тудырады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөліктер жолдары бөлімі» ММ басшысы А. Керімбаевтың «Шортанды ауданында 2024-2025 жылдары әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерде меншіктің барлық нысандарында жылыту маусымының өту барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жж. жылыту маусымына дайындық жөніндегі жұмысы жеткіліксіз деп есептелсін.
3. Шортанды ауданының әкімдігіне және Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөліктер жолдары бөлімі» ММ (Керімбаевқа А. А.) ұсынылсын:
- алдыңғы жылыту маусымында анықталған кемшіліктерді болдырмау және анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында жылумен жабдықтау объектілеріне тұрақты негізде мониторинг және техникалық тексеру жүргізу;
- жауапты тұлғаларға алдағы жылыту кезеңінің өту барысына тұрақты мониторинг және бақылау ұйымдастыру;
- жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеу, қаржыландыру мәселелерін шешу және мердігер ұйымдармен шарттар жасасу, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу;
- жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды, оның ішінде қазандықтарды, ыдыстарды, құбырларды тексеру мен сынауды жүргізу;
- инженерлік желілерде, оның ішінде реконструкциялауға, күрделі және ағымдағы жөндеуге, сынауға және жууға байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
- ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің жабдықтарының алдын алу, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ коммуналдық қызметтер үшін берешекті өтеу мәселелері бойынша ұйым басшыларымен және меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдау;
- жылыту маусымы басталғанға дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен және сауда орталықтарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кейіннен бөлшектеу арқылы Шортанды кентінің орталық қазандығының жылу желілерінде орналасқан көтергіш сорғыларды заңсыз орнату мәселесін шешу;
- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі технологиялық аварияларды жою және зілзалалардың салдарын жою үшін негізгі және резервтік отынның, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың (генераторлардың) авариялық қорларының нормативтік қорларын құру;
- жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- қазандықтарды қызмет көрсетуші персоналмен, яғни от жағушылармен қамтамасыз ету бойынша кадр мәселесін алдын ала шешу.
4. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының м. а. (А. Хапурға), «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры (Н. М. Шагировқа), ауданның «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы (Ә. Қ. Қәлиақпароваға), кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен қоса ұсыну:
- жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеу, қаржыландыру мәселелерін шешу және мердігер ұйымдармен шарттар жасасу, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу;
- әр түрлі штаттан тыс жағдайларды болдырмау мақсатында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жаңа жылыту маусымына дайындық жүргізу;
- сапалы бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, сондай-ақ уақтылы сараптамалар жүргізуге және объектілердің жаңа жылыту маусымына дайындығы паспорттарын алуға қажетті қаржы қаражатын көздеу;
- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінде температуралық режимнің сақталуына және қазандықтардың үздіксіз жұмысына күнделікті бақылауды тұрақты негізде жүргізу;
- қатты отынның 2 айлық қорын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының м.а. (А. Хапур) білім беру объектілеріне сапасыз көмір жеткізушіге дереу талаптар қою ұсынылсын.
6. Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөліктер жолдары бөлімі» ММ (Керімбаевқа А.А.) жылыту маусымының өткізілуіне бақылауды күшейтсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Ғ. Даитова