Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 8 қараша № 11 Шортанды к.
Ауылдық елді мекендерін
сумен жабдықтау объектілерінің
жағдайы және халықты ауыз сумен
қамтамасыз етуді жақсарту шаралары туралы
«Ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау объектілірінің жағдайы және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту шаралары туралы» мәселесі бойынша Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлітер жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы А. Керімбаевтың пен Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ –нің басшысы С. Мерейдің ақпараттарын тыңдап, талқылап, Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлітер жолдары бөлімі» ММ - нің басшысы А. Керімбаевтың және Шортанды ауданы «Құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы С. Мерейдің «Ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау объектілірінің жағдайы және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту шаралары туралы» ақпараттары назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органдарына және Шортанды ауданының «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлітер жолдары бөлімі» ММ (А.А. Керімбаевқа) ұсынылсын:
- аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, аудандық сенімділігін арттыруға және сумен қамтамасыз етуді жақсартуға назар аудара отырып, ауданның сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
- сумен жабдықтау желілеріндегі апаттылық деңгейін төмендету мақсатында ауыз суды тазарту, сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау, инвестициялық және жөндеу бағдарламаларын белсендірек енгізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ағынды суларды қоқыс және септиктерден рұқсатсыз ағызғаны үшін тәртіп бұзушыларға жауапкершілікті күшейту;
- ауыз су сапасы мәселесін тұрақты бақылауға алып, және «Шортанды су» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп көрсеткіштердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау;
- сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы мен ысыраптарын азайту мақсатында реконструкциялауға және жаңғыртуға жыл сайын қаржы бөлуді жалғастыру;
- Дамса ауыдық округіндегі кәріз желілерін салу жұмыстарының сапалы және уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауды қамтамасыз ету.
3. Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» ММ (С. Мерей) кешенді шаралар қабылдансын:
- «Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының жаңа учаскелерінде су құбыры желілерін салу» 2025 жылында жобаның жұмыстарды сапалы орындағаны үшін;
- «Ақмола облысы Шортанды ауданы Ключи ауылын сумен жабдықтауға арналған сумен жабдықтау және тарату желілерінің құрылысы» 2025 жылында жұмыстарды сапалы орындағаны және құрылысты аяқтағаны үшін;
- «Ақмола облысы Шортанды аудыны Шортанды ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасының 2024 жылы жұмыстарды сапалы орындағаны және құрылысты аяқтағаны үшін;
- «Ақмола облысы Шортанды ауданы Егемен а. - Гуляй Поле ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта құру» жобаны уақытылы түзету үшін бұдан әрі оны іске асыруға бюджеттік қаражат бөлуге өтінім беру;
- Ағымдағы жылдың соңына дейін «Ақмола облысы Шортанды ауданы Камышенка ауылында су құбыры желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеуді және 2025 жылға бюджет қаражатын бөлу туралы өтінішті уақытылы беру.
4. Турғындардың ауыз сумен бау-бақшаларды суару үшін пайдалануын болдырмау мақсатында Шортанды кентінің әкімі И. Мергенбай 2025 жылғы мамырында жазғы су желілерін іске қосу бойынша қажетті шаралар қабылдансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның төрағасы Ғ. Даитова