Шортанды аудандық мәслихатының
депутатының өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабының 3 тармағының 7) тармақшасына сәйкес және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 34 хаттама негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихаты депутатының Райхан Болатқанқызы Иманбаева өкілеттігі әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова