Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қарым-қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024 жылғы 23 қазан № 1
Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы атағын беру Ережесін бекіту туралы» шешімінің негізінде аудандық мәслихат депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қарым-қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына «Шортанды ауданының Құрметті азаматы» атағын беру бойынша осы қорытындыны енгізуге өкілетті.
2024 жылғы 23 қазандағы Шортанды ауданының әкімі С.С. Шабаровпен аудандық мәслихаттың қаралымына «Шортанды ауданының Құрметті азаматы» атағын беру үшін кандидаттарға ұсыныс енгізді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қарым-қатынас, халықтың денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы «Шортанды ауданының Құрметті азаматы» атағын беру бойынша өзінің оң қорытындысын келесі кандидаттарға береді:
1. Қабидолла Үгүбайұлы Ахмедьяновке
2. Шалва Григорьевич Джахуташвилиге
3. Жексенбай Қартабайұлы Дүйсебаевқа
4. Айгүл Хмеджанқызы Шәріповаға
5. Виктор Александрович Шевченкоға, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқандарды үшін және осы мәселені аудан мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс жиырма бесінші сессиясында қарастыруды ұсынады.
Тұрақты
комиссияның төрағасы Ғ. Даитова