Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 27 қыркүйек № 10 Шортанды к.
Шортанды ауданы әкімдігінің
бірлескен қаулылар
және Шортанды аудандық мәслихатының
шешімдерін және жобаларды келісу
алдын ала қарастыру
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/3 шешімімен бекітілген Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес, Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ә. Ш. Ордабаеваның ақпаратын тыңдап Шортанды ауданы әкімдігінің және Шортанды аудандық мәслихатының бірлескен қаулыларының «Шортанды ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы» және «Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округінің Ключи ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы» (бұдан әрі-бірлескен қаулылар мен шешімдердің жобалары) шешімдерінің жобаларын зерделей отырып бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданының «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ә.Ш. Ордабаеваның бірлескен қаулылар мен шешімдердің жоғарыда көрсетілген жобалары бойынша ақпараты назарға алынсын.
2. Бірлескен қаулылар мен шешімдердің жоғарыда көрсетілген жобаларын келісу.
3. Шортанды ауданы әкімдігінің аппараты әзірлеуші органмен (Шортанды ауданының "Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ) бірлесіп, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген Бірлескен қаулылар мен шешімдердің жобаларын ИПГО арқылы Ақмола облысының Әділет департаментіне міндетті түрде келісуге жіберсін.
4. Ақмола облысының Әділет департаментімен келісілген бірлескен қаулылар мен шешімдердің жоғарыда көрсетілген жобалары аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Е. Шахметов