№ 8С-24/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс жиырма төртінші

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № С-49/14 «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шортанды ауданын басқару схемасын бекіту туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                             Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2024