№ 8С-22/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс жиырма екінші

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мұнтаева.

2. Шортанды ауданы № 798 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

Ақпарат беруші: «Шортанды аудандық мәслихат аппараты» ММ аппарат басшысы С. Қ. Әкімжанова.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасының міндетін атқарушы                                             Ғ. Даитова

Дата публикации
03 сентября 2024