№ 8С-21/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатыңың

сегізінші шақырылымының

кезекті жиырма бірінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы.

Баяндамашы: «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Шагиров Н.М..

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мунтаева.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.

5. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С-20/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

6. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/5 «2024 жылға арналған аудандық мәслихаттың аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

7. Шортанды аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы № С-9/19 «Бюджетке төлемдер мен салықтар, еңбекақы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешекті болдырмау жөнінде дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

8. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

 

 

 

Дата публикации
12 августа 2024