«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысы Шортанды ауданының мәслихаты № 798 учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамың қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, бос орындары бар учаскелік сайлау комиссияларына қатысты 2024 жылғы «13» тамыздаң «27» тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың «27» тамызына дейін, дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Шортанды аудандық мәслихаты
Сәдуақасова Г.Ә. – Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22. Жауапты тұлға - Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы, № 5 каб., қызметтік телефон нөмірі 2-24-30, ұялы телефон нөмірі: 8-701-47-87-197, Shortandy_masl@aqmola.qov.kz электрондық пошта:
Шортанды аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
комиссия мүшелерінің саны |
|||
|
Елді мекен |
көше |
үй |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
8 |
|
|
|
2 - Учаскелік сайлау комиссиялары |
||||||
|
1 |
№ 798 |
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Шортанды ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы |
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды к. |
Советская көш. |
22 |
5 |
|
Шортанды аудандық мәслихаты