Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 772 417 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 569 109 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 315,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 180 272,2 мың теңге;
2) шығындар – 7 935 534,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 806,8) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-126 310,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 126 310,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 6, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Г. Сәдуақасова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
6 тамыз 2024 жыл
_____________ С. Шабаров