Шортанды ауданының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы

Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі,

ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

2024 жылғы 25 шілдесіндегі № 7                                                         Шортанды к.

 

 

Шортанды ауданының

денсаулық сақтау саласындағы

өзекті мәселелер және оларды

шешу жолдары туралы

 

 

«Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жөніндегі орынбасары Р. Б. Иманбаеваның «Шортанды ауданының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін тұрақты комиссиясы Шортанды ауданында денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Шортанды ауданының тұрғындарына медициналық көмекті «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК көрсетеді. Құрамында: аудандық аурухана, емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 15 медициналық пункті бар.

Тәулік бойы болатын 50 төсектік стационар және 82 төсектік күндізгі стационар бар. Емхананың қуаттылығы 300 адамды құрайды.

2024 жылға 1 744 240,8 мың теңге сомасында қаржыландыру көзделген, оның ішінде МӘМС – 713 041, 3 мың теңге (40%) және ТМККК – 1 031 199, 5 мың теңге (59,1%).

Медициналық ұйымға бекітілген халық саны 27 565 адамды құрайды.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 352 адам жұмыс істейді, оның ішінде 50 дәрігер, 167 орта медицина қызметкері (ҚМЖ), 61 кіші медициналық персонал, 74 басқа персонал.

2023 жылы 10 дәрігер мен 13 орта медициналық қызметкер келді. Ағымдағы кезеңде 2 дәрігер мен 4 орта медициналық қызметкер келді.

Ағымдағы жылы жалпы тәжірибе дәрігеріне 5 млн. теңге көлемінде баспана алу үшін бюджеттік кредит берілді.

2024 жылы 15 042,4 мың теңге сомаға жабдық сатып алынды.

Жалпы, аудан бойынша жарақтандыру 84,5% құрайды.

Қазіргі уақытта Шортанды аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілуде.

28 денсаулық сақтау субъектісінің ішінде аудандық аурухананың балансында – 5 (17,9%), жалға алушылар – 5 (17,9 %), иесіз – 15 (53,6 %), ғимараттар жоқ – 3 (10,7%).

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылға Новокубанка а.ДА, Күлшін а. ФАП, ал 2025 жылы Пригородное а. ФАП, Төңкеріс б. ФАП жаңа объектілерді пайдалануға беру жоспарланған.

Аудан бойынша компьютерлік техникамен жарақтандыру 100% құрайды. Интернет желісіне қосылған: аудандық аурухана, дәрігерлік амбулаториялар және ФАП - 100%. Медициналық пункттер бойынша - 66.7% (ғимараттар жоқ – 4, техникалық мүмкіндік жоқ – 1 ).

Алайда, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысындағы жақсылықтарымен қатар өзекті мәселелер де бар. Мәселен, ауданда тар бағыттағы дәрігерлердің кадр тапшылығы өткір тұр. Дәрігерлерге қажеттілік - 4 адам (ЖТД– 2, эндокринолог, провизор) және ОМЖ - 16 (4 акушер, фармацевт, фельдшер – 1, медбике – 10).

2 дәрігерлік амбулаторияда (Андреевка а., Дамса а.) күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Денсаулық сақтаудың 4 субъектісін салу қажет: Бектау ДА, Раевка ФАП, Новоселовка ФАП, Мықтыкөл МП. ЖСҚ әзірлеу үшін ақша қаражатын бөлу талап етіледі.

Медицина қызметкерлеріне тұрғын үй, медициналық құрал-жабдықтар мен 8 бірлік жедел жәрдем көлігі қажет.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жөніндегі орынбасары Р. Б. Иманбаеваның «Шортанды ауданының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК (директоры Н. М. Шагировқа) ұсынылсын:

- «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау;

- аудан тұрғындарына алғашқы және стационарлық медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу;

- халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыратын тиімді шешімдер әзірлеу;

- ауданда ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру;

- халықты уақтылы және сапалы профилактикалық тексеру, диспансерлеу және сауықтыру, оның ішінде әртүрлі скринингтік бағдарламалар бойынша жүргізу;

- кепілдендірілген тегін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша дәрілік препараттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатының уақтылы, толық және мақсатты игерілуін қамтамасыз етуге, сатып алынатын және жетіспейтін дәрі-дәрмектер бойынша тұрақты бақылау жүргізуге, сондай-ақ жоқ препараттарды ауыстыру кезінде науқастың жеке ерекшеліктерін ескеруге;

- мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды уақтылы оңалту іс-шараларымен қамту;

- ауданның денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізудің сапасы мен уақтылығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықтармен және мүкәммалмен кезең-кезеңімен жарақтандыруға бағытталған шараларды қабылдау;

- кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жолымен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу;

- дәрігерлердің жекелеген санаттарының жүктелу мәселелерін пысықтау, мамандардың ауданның шалғайдағы елді мекендеріне бару тәртібін пысықтау және халықтың назарына жеткізу;

- науқастарды тиімді қабылдау мақсатында халықтың шағымдары мен қолайсыздықтарын тудыратын негізсіз кезек жағдайларын болдырмай, дәрігерлердің жұмыс уақыты мен режимін сақтау;

- ауданның медициналық мекемелерінде жетіспейтін білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмысты жалғастыру;

- аудандық БАҚ-пен бірлесе отырып, барлық жас топтарының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау белсендірек.

3. Атқарушы органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына жаңадан келген медицина мамандарына тұрғын үй және басқа да көмек көрсету жөніндегі мақсатты жұмысты жалғастыруды ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және Әдеп, жастар дел, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына қалдырылсын.

 

 

Тұрақты                                                                

комиссияның төрағасы                                                Ғ. Даитова

 

 

Дата публикации
31 июля 2024