
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Шортанды аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және ауданның қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде: «Аудандағы мәдени және спорттық іс-шаралар, іс-шараларды ұйымдастыру және қолдау», «Шортанды ауданында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселелер қаралды.
Аталған іс-шарада Қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа депутаттық корпус, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері аудан халқының әлеуметтік бірлігін нығайтуға, мәдени деңгейін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Отырыс негізгі мәселелерді белсенді талқылаумен өтті, сол арқылы аудан халқының тұрмыс сапасын жақсарту мен қол жеткізу үшін мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің тығыз бірлескен жұмысын растады.