10.06.2024 ж.
Шортанды ауданының аудандық № 771 және № 772 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Қалыптасқан сайлау комиссиялары Шортанды ауданында сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Төрт саяси партия мен екі қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша № 771 және № 772 учаскелік сайлау комиссияларының 10 мүшесі сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабында және 20-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында № 771 және № 772 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары мен хатшылары сайланды.
Шортанды ауданының тұрғындарына учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы аудандық мәслихаттың шешімін және олардың орналасқан жерін мәлімдейміз.
1. Шортанды аудандық мәслихатының 19 - шы кезектен тыс сессиясының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 8С – 19/4 «Шортанды аудандық № 771 және № 772 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешімі.
* № 771 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Сәдуақасова Айгерім Серікбайқызы, төрағаның орынбасары – Григорьев Алексей Алексеевич, хатшы – Бейсембаева Гүлмира Қайыртайқызы, комиссия мүшелері: Молдахметова Наталья Александровна, Мүсірәлімова Арайлым Адамбекқызы.
* Орналасқан жері: 021600 Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Феликс Дзержинский көшесі, 1 В, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Шортанды аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.
* № 772 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Горкушева Галина Ивановна, төрағаның орынбасары – Олжабай Ернар Айдынұлы, хатшы – Локтеева Людмила Геннадьевна, комиссия мүшелері: Белошицкая Галина Ивановна, Жақыпова Самал Дәулетқызы.
* Орналасқан жері: 021600 Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Дамса а., Достық көшесі, 14, «Ақмола облысысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Шортанды ауданы Дамса ауылы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.