2023 жылға арналған
аудандық бюджеттің атқарылуы
туралы жылдық есепті бекіту туралы
Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың «2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2022 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетті. Қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 123801,8 млн.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 175,3% құрады (2022 жылы – 84110,1 млн. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10409,7 млн.теңгені (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 47,7%), құрылыс жұмыстарының көлемі 5843,9 млн. теңгені (2022 жылға 47,0%), тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар – 1059,3 млн. теңгені (2022 жылға108,3%) құрады.
2023 жылға арналған аудандық бюджет аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-34/2 шешімімен бекітілген. Кірістер бойынша түзетілген жоспар 7418994,2 мың теңгені, шығыстар бойынша 7619119,5 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары жалпы алғанда 100,9% орындалды бюджетке 7488601,9 мың теңге түсті, оның ішінде меншік кірістер 102,1% орындалды, жоспар бойынша 2115810,1 мың теңге, 2160372,5 мың теңге сомасында түсті немесе жоспар 44562,4 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттердің түсімі 100 % немесе 5145127,7 мың теңгені құрады.
2023 жылы аудандық бюджеттің шығындары 98,8% орындалды. 2022 жылмен салыстырғанда (5812881,7 мың теңге) шығындар 7525458,4 мың теңгені құрады. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер бөлінуіне байланысты бастапқы бекітілген (6 447 866,0 мың теңге) шығыстардан 1 077 592,4 мың теңгеге ұлғайтылды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің «Шортанды ауданының 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданының әкімі С.С.Шабаровтың «2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын.
2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «2023 жылға арналған Шортанды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7260937,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2087819,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10990,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17000,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 5145127,7 мың теңге;
2) шығындар – 7619119,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (-2806,4) мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 77625,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 80431,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-133318,6) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 133318,6 мың теңге.
4. Ұсынылсын:
1) аудандық әкімдікке:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең үздік және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнінде жұмыс жүргізу;
- бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген заң бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;
2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:
- бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аударылсын, тексеру комиссиясының ағымдағы жылға арналған аудандық бюджетті жоспарлау кезінде және оның орындалуы барысында ұсынымдары ескерілсін.
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.
5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова