Шортанды аудандық мәслихатыңың
сегізінші шақырылымының
кезекті жиырмасыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті жиырмасыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2023 жылғы арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Шабаров С.С. – Шортанды ауданының әкімі.
2. 2023 жылғы арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Шабаров С.С. – Шортанды ауданының әкімі.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/2 «2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мунтаева.
4. Шортанды ауданы бойынша 2024 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
Баяндамашы: А.А. Қерімбаев ауданның «Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық, пассажирлық көлңк және автомобиль жолаушылар бөлімі» ММ басшысы
5. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/13 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
8. Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Сытник Т.А. ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
9. Шортанды аудандық мәслихатының депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
10. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова