№ 8С-19/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. К. Мұнтаева.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: «Шортанды аудандық мәслихат аппараты» ММ аппарат басшысы С. Қ. Әкімжанова.

3. Шортанды ауданының № 771, 772 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

Ақпарат беруші: «Шортанды аудандық мәслихат аппараты» ММ аппарат басшысы С. Қ. Әкімжанова.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2024