Мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 мамырында Шортанды аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және ауданның Қоғамдық қеңесінің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылғы аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы қаралды. Аталған іс-шараға Қоғамдық Қеңес мүшелерінен басқа, депутаттық корпус, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Шортанды ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «ТКШ, ЖК және АД бөлімі» ММ басшыларының және Бозайғыр ауылдық округі әкімінің баяндамалары тыңдалды.

Қатысушылармен бюджет қаражатын тиімді пайдалану және ауданның тыныс-тіршілігінің жұмыс істеуіне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Барлық қызықты сұрақтар назарға алынды.

Отырыс негізгі мәселелерді белсенді талқылаумен өтті, сол арқылы аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін Қоғамдық кеңестің, депутаттардың, ауылдық округ әкімдерінің және бөлім басшыларының тығыз бірлескен жұмысын растады.

Дата публикации
04 мая 2024