Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс он сегізінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпараттандырады: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Т. А. Сытник.
2. Шортанды ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/7 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4. Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 мамырдағы № С-38/6 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № С-49/14 «Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова