Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 8С-17/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 044 506,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 289 109 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 315,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 732 362,1 мың теңге;

2) шығындар – 8 207 624,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 806,8) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 648,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-126 310,6) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 126 310,6 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 86 648,8 мың теңге сомасында есепке алынсын.»;

көрсетілген шешімнің 1, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Г. Сәдуақасова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

9 сәуір 2024 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
15 апреля 2024