Аудандық мәслихаттың
сегізінші шақырылымының
кезекті сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі мәселелер туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Шортанды аудандық мәслихатының регламентіне және Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
Баяндамашы: Шабаров С. С. - Шортанды ауданының әкімі.
2. 2023 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы.
Баяндамашы: Шабаров С. С. - Шортанды ауданының әкімі.
3. Шортанды ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы.
Баяндамашы: Шагиров Н.М. – «Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова