Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі,
ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру,
мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы
Депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г.Т. Даитованың (бұдан әрі - тұрақты комиссия) атқарған жұмысы жөніндегі есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Шортанды аудандық мәслихаты тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының регламентіне сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Есепті кезеңде тұрақты комиссия 6 отырыс өткізді, онда ауданның тыныс-тіршілігі үшін маңызды мәселелер қаралды. Жалпы есепті кезеңде 8 мәселе қаралды, оның ішінде:
- Шортанды ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы;
- Шортанды ауданындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың жай-күйі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсетілетін қызметтерінің сапасы туралы;
- Жергілікті атқарушы органдардың Шортанды ауданының әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;
- Петровка, Дамса және Новоселовка, Бектау ауылдық округтері, Жолымбет кенті әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері;
- Шортанды ауданының жалпы білім беретін мектептерінде балаларды тамақтандыруды және медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы Ауданның «Білім бөлімі» ММ басшысының есебі;
ҚР Қарулы Күштеріне шақыру бойынша «Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ жұмысы туралы;
- Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ жүргізіп жатқан жұмыстар туралы.
Тұрақты комиссияның өткізген отырыстары туралы ақпараттық материалдар интернет-ресурсында және Шортанды аудандық мәслихатының, сондай-ақ депутаттардың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты комиссияның төрағасы Г.Т. Даитованың атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
1. Жергілікті атқарушы орган Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының ұсынымдарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Тұрақты комиссиясына ұсынылсын:
- өз құзыреті шегінде бақылауды күшейтсін және өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты жалғастырсын;
- жұмыс әдістерін жетілдірсін, тапсырылған жұмыс учаскесі үшін тұрақты комиссия мүшелерінің дербес жауапкершілігін арттырсын.
- комиссия отырыстарында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулыларын іске асыру бойынша бөлім басшыларының есептерін тыңдау практикасын жалғастырсын;
- қаралып отырған мәселелерді жан-жақты зерделеу мақсатында ауылдық округтерге тұрақты комиссияның көшпелі отырыстарының практикасын кеңінен пайдалансын.
4. Тұрақты комиссияның төрағасы Г.Т. Даитова тұрақты комиссия қаулыларының жүйелі негізде орындалуына (ұсынымдардың іске асырылуына) мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова