Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы
Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (бұдан әрі-тұрақты комиссия) төрағасы Е.Н.Шахметовтың атқарған жұмысы жөніндегі есебін тыңдап және талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының регламентіне сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
Отырыстар уақтылы өтті, барлық жоспарланған мәселелер қаралды. Есепті кезеңде тұрақты комиссия 3 отырыс өткізді, 8 мәселе қаралды, оның ішінде:
- Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2022 жылғы бюджет қаражатын мақсатты пайдалану және игеру жөніндегі есебі;
- «Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің 2022 жылға арналған салық алымдарының және аудан бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы;
- Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2022 жылғы бюджеттердің атқарылуы туралы есептері;
- Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі бойынша жұмыстар кешенін орындау барысы туралы;
Шортанды ауданының барлық меншік нысандарындағы объектілердің жылу беру маусымына дайындық барысы туралы;
- ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы;
- Шортанды ауданындағы кондоминиум объектілері басқармасының жаңа нысандарына (МИБ, ҚС) көшу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы.
Тұрақты комиссияның өткізген отырыстары туралы ақпараттық материалдар интернет-ресурсында және Шортанды аудандық мәслихатының, ондай-ақ депутаттардың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.
Шортанды аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрақты комиссияның төрағасы Е.Н.Шахметовтың атқарған жұмысы туралы есебі назарға алынсын.
2. Жергілікті атқарушы орган Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының ұсынымдарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Тұрақты комиссияға ұсынылсын:
- өз құзыреті шегінде бақылауды күшейтсін және өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты жалғастырсын;
- жұмыс әдістерін жетілдірсін, тапсырылған жұмыс учаскесі үшін тұрақты комиссия мүшелерінің дербес жауапкершілігін арттырсын.
- комиссия отырыстарында Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулыларын іске асыру бойынша бөлім басшыларының есептерін тыңдау практикасын жалғастырсын;
- қаралып отырған мәселелерді жан-жақты зерделеу мақсатында ауылдық округтерге тұрақты комиссияның көшпелі отырыстарының практикасына кеңінен қолдасын.
4. Тұрақты комиссияның төрағасы Е.Н.Шахметов тұрақты комиссия қаулыларының жүйелі негізде орындалуына (ұсынымдардың іске асырылуына) мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова