Шортанды аудандық мәслихаты
төрағасының аудандық
мәслихаттың қызметі туралы есебі
Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың 2023 жылғы қызметі туралы есебін тыңдап, Шортанды аудандық мәслихаты есепті кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге бағытталған белгілі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
2023 жыл ішінде мәслихаттың 14 сессиясы өткізілді, онда аудан өмірінің түрлі салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде: 1 ұйымдастыру сессиясы, 4 кезекті және 9 кезектен тыс мәслихат сессиясы өтті. Барлығы 103 мәселе қаралды.
Сессия барысында аудандық бюджетті және кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және оларды орындау мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 2023 жыл ішінде аудандық бюджетті нақтылау 5 рет, төртінші деңгейдегі бюджетке 3 рет жүргізілді.
Өткен жылы аудандық мәслихат депутаттары 258 азаматты қабылдады. Оның ішінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 149 азамат қабылданды. Мәслихат төрағасы тікелей 27 азаматты қабылдады. Жалпы, 208 мәселе оң шешіліп, 50-не қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.
Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша әртүрлі қыметтерге жазбаша сауалдар жолданады, есепті кезеңде 19 депутаттық сауал жолданды.
Депутаттар жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, мектептерді жылумен жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту, жолаушылар тасымалы және басқа да көптеген мәселелерді үнемі көтеріп отырады.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Сессияның барлық отырыстары тікелей онлайн көрсетілімде өтті.
Халықты барынша Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және аудандық газет беттерінде мәслихат аппараты жергілікті БАҚ-пен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және мәслихаттың атқарған жұмысы туралы ақпаратты өзінің ресми сайтында тұрақты түрде жариялайды. Әрбір депутат өзінің депутаттық қызметін әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың барлық 11 депутаты бюджет қаражаты есебінен оқудан өтті. Мұндай оқу даярлығы депутаттарға өз округін дамытуға және жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдауға неғұрлым сауатты және тиімді қатысуға мүмкіндік береді.
Шортанды аудандық мәслихатының жанында «Депутат мектебі» жұмыс істеп, онда депутаттар оқытылып және практикалық дағдылары күшейтіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Ә. Сәдуақасованың есебі назарға алынсын.
2. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Ә. Сәдуақасова депутаттар мен аудандық мәслихат аппараты жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін одан әрі енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын, ол үшін:
- депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлауалды бағдарламаларын орындаудағы белсенділігін үнемі арттыруға қол жеткізсін;
- депутаттарға сайлаушылармен байланысты нығайтуға және азаматтарды тұрақты қабылдауды ұйымдастыруға ықпал етсін;
- аудандық мәслихаттың қабылданатын шешімдерінің, тұрақты және уақытша комиссиялардың қаулылары мен қорытындыларының орындалуын бақылау жүйесін жетілдірсін;
- депутаттардың сауалдарының қаралуын және олардың сайлауалды бағдарламаларының орындалуын бақылауды жақсартсын;
- азаматтардың өтініштері мен өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылауды күшейтсін;
- жұмыс әдістерін жетілдіру, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және тапсырылған жұмыс үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру практикасын жалғастырсын.
3. Депутаттарға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданында өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға белсенді қатысу, ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдіктерімен белсенді ынтымақтасу ұсынылсын. Бюджетті қабылдау және ұсыныстарды қалыптастыру кезінде объектілерге құжаттаманың болуын, сұралған сомаларды, мәселенің өзектілігін талдасын.
4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне аудандық мәслихаттың депутаттарын бюджетті қалыптастыру және оның орындалу мониторингі жөніндегі жұмысқа тарту ұсынылсын.
5. Аудандық мәслихаттың депутаттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру практикасын қайта бастасын.
6. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Сәдуақасова