№ 8С-16/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезекті он алтыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті  он алтыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.

Баяндамашы: Сәдуақасова Г.Ә. - Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы.

2. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы.

Баяндамашы: Шахметов Е.Н. – Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы.

Баяндамашы: Даитова Ғ.Т. - Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы.

4. Шортанды ауданын басқару схемасын бекіту туралы.

5. Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы.

6. Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                    Г. Сәдуақасова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2024