Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 8С-15/2 "Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі

Шортанды аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 168 893,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 289 109 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9 297 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 857 767,9 мың теңге;

2) шығындар – 8 332 011,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 807) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 649 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-126 310,4) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 126 310,4 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

«10-1. 2024 жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан жағдай бойынша аудандық бюджетте 163 117,4 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары есепке алынсын.»;

көрсетілген шешімнің 1, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты төрайымының міндетін атқарушы

 

 

 

Ғ. Даитова

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

6 наурыз 2024 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
27 марта 2024