№ 8С-15/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

кезектен тыс он бесінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс он бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақпараттандырады: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ.Мұнтаева.

2. Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-12/4 «Шортанды ауданының бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/13 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

4. Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № С-14/4 «Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат

төрайымының міндетін атқарушы                                          Ғ. Даитова

 

Дата публикации
11 марта 2024