Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның
ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 29 ақпан № 3 Шортанды к.
Әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларының бағасын
тұрақтандыру жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардың
жұмысы туралы
Ауданның «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бөлім басшысы Г.Х. Коркотконың «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап, талқылай келе, тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына апта сайын 19 атау бойынша мониторинг жүргізіледі, жиынтық Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек, ЖЖМ бағасына апта сайынғы талдау «AMANAT» партиясының мониторингтік тобымен бірлесіп жүргізіледі. Сауда объектілеріне барған кезде бәсекелестік сауда нүктесінің ағымдағы жағдайын толық талдау мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауардың әрбір түрі бойынша орташа баға қалыптастырылады.
Бірлескен рейдтер барысында дүкендері бар жергілікті дара кәсіпкерлер арасында бағаны тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде Меморандумдар жасалды. Бүгінгі таңда Шортанды ауданы бойынша жалпы саны 70 меморандумға қол қойылды.
Қазіргі уақытта «KOKSHE» ӘКК» АҚ-мен тауарлардың бағасын реттеу және олармен халықты қамтамасыз ету үшін қордан азық-түлік тауарларын жеткізуді жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыста бірқатар кемшіліктер бар. Ауданда азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер тарапынан жүйелі талдау және кешенді тәсіл жоқ.
Ауданда ауа-райының қолайсыздығына байланысты азық-түлік дүкендерге уақытылы келмеуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болды, бұл бағаның өзгеруіне әкелді.
Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдердің баға индексі шамамен 99% құрайды, яғни қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар өнімдерге, әсіресе көкөніс өнімдеріне бағаның төмендеу кезеңі байқалады. Бағаның өсуі маусымдыққа байланысты, бағаның өсуі маусымнан қыркүйекке дейін байқалады.
Сондай-ақ, тұрғындардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердің болуы мен саны туралы сұрақтар келіп түсуде, өйткені аудан тұрғындары мұндай тауарлардың қай жерде екенін біле бермейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ауданның «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бөлім басшысы Г.Х. Коркотконың «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органына және «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ұсынылсын:
- азық-түлік тауарларының бағасын бақылау шараларын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру (талдау және мониторинг жүргізу);
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көптеген атауларына шекті рұқсат етілген бағаларды белгілеу және шаралар қабылдау;
- азық-түлік бағасының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыту;
- жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының күрт ауытқуын болдырмау үшін белгілі бір шаралар қабылдау;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің көрмелері мен жәрмеңкелерін тұрақты негізде ұйымдастыруды жүзеге асыру;
- кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және дүкендермен меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- дүкендердегі тұрақтандырылған бағамен сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлары туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді орындарда (стендтерде) және интернет-ресурстарда (әлеуметтік желілерде) орналастыруын бақылауды қамтамасыз ету;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын талдау бойынша мониторингтік топтардың жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпаратты орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Е. Шахметов