Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін  А. Доброскоктың төрағалығымен Шортанды ауданының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының негізгі тармақтары бойынша жоспар көрсеткіштердің орындалуын талқылауға арналған отырысы өтті. Ақпаратпен Шортанды ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Б.Әшімова сөз сөйледі.

2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау барысында қызметтің басым міндеттері мен бағыттары бөлінді. Ауданның дамуына, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған негізгі мақсаттар мен іс-шаралар белгіленді.

Отырыс соңында Қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіру және барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарын үйлестіруді жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдалды.

Дата публикации
29 февраля 2024