Шортанды аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 8С–14/6 шешіміне
қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының 2024 жылға арналған жұмыс
жоспары
I тоқсан
(қаңтар - наурыз)
1. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.
2. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.
3. Шортанды аудандық мәслихаты төрайымының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.
II тоқсан
(сәуір -маусым)
1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
2. 2023 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы.
3. Шортанды ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы.
III тоқсан
(шілде - қыркүйек)
1. Шортанды ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
IV тоқсан
(қазан - желтоқсан)
1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
2. 2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.