Шортанды аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезекті он төртінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он төртінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
1. 2024-2026 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
Баяндаушы: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы - Ж.Қ.Мұнтаева.
2. Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
Ақпараттандырады: С.Қ.Әкімжанова - «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы.
3. Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Ақпараттандырады: С.Қ.Әкімжанова - «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы.
4. 2024 жылға арналған аудандық мәслихаттың аппаратын ұстауға, қызметін қамтуға арналған шығындарын, аппараттың штатын және құрылымын бекіту туралы.
5. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
6. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
2. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихаттың төрайымы Г. Сәдуақасова