Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-13/2 "2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешімі

2024-2026 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 168 893 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 289 109 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9 297 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 720 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 857 767 мың теңге;

2) шығындар – 8 168 893 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – (-36 807) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 49 842 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 86 649 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 36 807 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-36 807) мың теңге.

2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте 146 763 мың теңге сомасында субвенция есепке алынсын.

3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін 137 500 мың теңге сомасындағы бюджеттік субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, оның ішінде:

Шортанды кенті – 17 000 мың теңге;

Дамса ауылдық округі – 15 000 мың теңге;

Новокубанка ауылдық округі – 15 000 мың теңге;

Бектау ауылдық округі – 19 000 мың теңге;

Бозайғыр ауылдық округі – 4 500 мың теңге;

Петровка ауылдық округі – 10 000 мың теңге;

Андреевка ауылдық округі – 12 000 мың теңге;

Раевка ауылдық округі – 16 000 мың теңге;

Пригородный ауылдық округі – 18 000 мың теңге;

Новоселовка ауылдық округі – 11 000 мың теңге.

4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 49 842 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.

5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 86 649 мың теңге сомасында есепке алынсын.

6. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеу 77 мың теңге сомасында есепке алынсын.

7. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 25 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

8. 2024-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 4, 5 қосымшаларға сәйкес есепке алынсын.

9. 2024-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер, тиісінше 6, 7 қосымшаларға сәйкес есепке алынсын.

10. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысаналы трансферттер 8 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.

11. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы
 
 

Г. Сәдуақасова
 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімі

25 желтоқсан 2023 жыл

_____________ С. Шабаров

Дата публикации
05 января 2024