№ 8С-13/3 шешім (2024 - 2029 жылдарға арналған Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы)

2024 - 2029 жылдарға арналған

Ақмола облысы Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы №318 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23917 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2024 – 2029 жылдарға арналған Ақмола облысының Шортанды ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.  

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрайымы                                          Г. Сәдуақасова

Дата публикации
05 января 2024